КартинаТарбағатай жайлауы

Сипаттамасы

100*80см Бұл картина — жай ғана тау пейзажы емес, туған жерге деген сағыныштан туған жұмыс. Негізгі шабыт көзі — Тарбағатай таулары, Ақсуат жақтағы менің анамның туған жері. Алдыңғы жазда сол жерге барып, табиғатын өз көзіммен көріп, тауларын суретке түсіріп қайттым. Кейін сол әсерлер мен естеліктерді кенепке майлы бояумен түсірдім. Картинада жайлаудың тыныштығы, таудың ауасы, киіз үйдің жылуы мен балалық шақтың сезімі бар. Қазір қалада өмір сүріп жүрген көп адам үшін бұл көрініс — алыста қалған туған жердің бір бөлшегіндей. Алдыңғы пландағы бала мен иті — табиғатпен үндестіктің, тыныш өмірдің символы. Ал алыстағы киіз үйлер мен жайылып жүрген мал — қазақ ауылының күнделікті тіршілігін еске салады. Бұл жұмыс сағыныш, жылулық және туған жерге деген махаббатпен салынды.

Бағасы

300.000₸

Автордың басқа жұмыстары