Картина«Абайдан басталған жол»

Описание

Бұл туынды Семейдің рухани болмысын, тарихы мен мәдени мұрасын бір арнаға тоғыстырады. Композицияның өзегінде шәкірттеріне білім мен тәрбие беріп отырған Абай Құнанбайұлы бейнеленген. Оның даналығы мен ағартушылық жолы уақыт өте келе Абайдың рухани мұрасы Шәкәрім арқылы жалғасып, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы әлемге танылды. Театр мен университет – осы мұраның бүгінгі күнге жеткен көрінісі, ал «Абай жолы» романы ұлы ойшылдың рухани әлемін келер ұрпаққа жеткізген алтын көпір іспетті. Композицияны біріктіріп тұрған Ертіс өзені мен Семейдің аспалы көпірі өткен мен бүгінді, білім мен мәдениетті, ұрпақтар сабақтастығын байланыстыратын символ ретінде көрініс тапқан.

Цена

250.000₸

Другие работы автора